Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бүгін мектебімізде Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні кең көлемде аталып өтті. Бұл күннің басты мақсаты – жас ұрпаққа халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап, олардың мәні мен маңызын түсіндіру. Шара барысында оқушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Ұлттық киімдер киіліп, салт-дәстүрлерге байланысты көріністер қойылып, халқымыздың мәдениеті мен