29
май
2026
📌 2025–2026 оқу жылының Мамыр айының 25-29 аралығында Б. Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 10-сынып оқушыларына арналған 5 күндік оқу-дала жиыны өткізілді.
Оқу-дала жиынын алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Дәуітбаев Дәулетхан Оразханұлы ұйымдастырып, жүргізді.
Жиын барысында оқушылар алғашқы әскери дайындық пәні бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, әскери тәртіп пен жауапкершілікті меңгерді. Бағдарлама аясында саптық дайындық, тактикалық жаттығулар, азаматтық қорғаныс шаралары, алғашқы медициналық көмек көрсету, әскери-қолданбалы спорт түрлері және қауіпсіздік ережелері бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің патриоттық рухын, ұйымшылдығын және төзімділігін көрсетті. Жиын барысында әскери қызметтің маңыздылығы түсіндіріліп, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік қасиеттері нығайтылды.
Оқу-дала жиынының мақсаты – жас ұрпақты елін қорғауға даярлау, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру және патриоттық тәрбие беру.