09
апрель
2026
«Патриот» әскери-патриоттық айлығының салтанатты ашылу рәсімі
9 сәуір күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 34 жылдығына орай, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Патриот» әскери-патриоттық айлығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, елін, жерін құрметтеуге баулу, сондай-ақ әскери қызметке деген қызығушылығын қалыптастыру.
Салтанатты жиын барысында айлықтың мақсат-міндеттері таныстырылып, алдағы жоспарлармен бөлісілді. Сонымен қатар, оқушылар патриоттық әндер орындап, саптық дайындық элементтерін көрсетіп, Отан тақырыбында сұрақ-жауап сайысына белсене қатысты.
Бұл айлық жас ұрпақтың бойында елжандылық рухты қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады деп сенеміз.