Жеңіс күні мәңгі жаса
Мектебімізде 9 мамыр Ұлы жеңіс күні "Жеңіс күні мәңгі жаса" атты мерекелік іс шара өтті.Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Сонымен қатар, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін жетілдіру және патриоттық әндер арқылы рухани-адамгершілік тәрбиені күшейту болып табылады.