"Алтын балалық шақ" атты салтанатты жиын
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 01- маусым күні Балаларды қорғау күні мен "Күншуақ" тынығу лагерінің ашылу жиыны өтті.
Мақсаты: Мектеп жанындағы жазғы лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету.
Лагерге тынығушы балаларымыз өз өнерлерін паш етіп, ашық аспан астында түрлі ойындар ойнатылды. Түрлі түсті бояулармен асфальтта суреттер салды. Кітапханашы: Кадырова П. «Балалар кітап әлемінде» атты тақырыбында оқушыларға ертегі оқу ұйымдастырды.
Лагерь барысында балалар жазғы демалыс уақытын тиімді өткізеді, шығармашылықпен айналысады, дамытушы ойындар арқылы қызығушылықтары арта түседі деп мол сеніммен айта аламыз!
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ауданымызда “Алтын балалық шақ»” атты мерекелік іс-шара ерекше сән-салтанатпен өтті.⠀
Мерекелік алаң түрлі-түсті шарлармен, гүлдермен безендіріліп, балаларға қуаныш пен шаттық сыйлайтын көрініске айналды. Мектеп директоры Тұрсынов Ж. балаларды мерекелерімен құттықтады. Лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен лагерь басшысы Ж.С.Балабекова түсіндіріп өтті.
Іс-шара ерекше әсер сыйлап, олардың жүздеріне шаттық пен күлкі ұялатты. Балғындардың қуанышы бұл күннің басты көрінісіне айналды.
- Мектебіміздің өнерлі оқушылары сахнада өз таланттарын көрсетіп, ән мен би арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
- Мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Ж.Ы. балаларды мерекемен құттықтап, оларға ақжарма тілегін арнады. Сонымен қатар, демеушілер атынан оқушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Топ жетекшілері: Мырзахметова Н. Шолпанкулова Р. Булантаева А.