"Біз спортты жақсы көреміз" сурет салу, әңгімелесу
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 2 -маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында бастауыш сыныптың топ жетекшілері Мырзахметова Н.Л. Булантаева А. Шолпанкулова Р. «Спорт және денсаулық» күніне орай «Біз спортты жақсы көреміз» тақырыбында сурет салу және әңгімелесу шарасын ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты:
- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту және өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Шараның мазмұны:
Іс-шара барысында оқушылар спорттың түрлері, денсаулықтың маңызы туралы әңгімелесті. Балалар өздерінің сүйікті спорт түрлері жайында ой бөлісіп, спортпен шұғылданудың пайдасын талқылады.
Сурет салу бөлімінде қатысушылар «Біз спортты жақсы көреміз» тақырыбында суреттер салып, футбол, волейбол, жүзу, гимнастика және басқа да спорт түрлерін бейнеледі. Әр оқушы өз жұмысын таныстырып, суретінің мазмұнын түсіндірді.
Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық жұмыстарын қызығушылықпен орындады.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығы артты;
- Салауатты өмір салты туралы түсініктері кеңейді;
- Өз ойын еркін жеткізу және шығармашылық қабілеттері дамыды;
- Денсаулықты сақтау мәдениеті қалыптасты.