ЖАС САҚШЫ” ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАС САҚШЫ” ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ
23
октябрь
2025

ЖАС САҚШЫ” ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ

2025 жылдың қазан айының 21 күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас сақшы» полиция көмекшілерінің ұлықтау рәсімі өтті.
«Жас сақшы» полиция сыныптарын құру - Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.
Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді, ұлттық сананы қалыптастыру.Адамгершілік сезімдерін, еңбекшілдікті және белсенділікті арттыру.Түрлі жастағы балаларды бірге және ашық түрде іс-әрекет жасауға үйрету.
Іс-шараға инспекторы Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Касимов Бекнур Даниярұлы, Мектеп директоры Г.С.Шаймерденова, Ұлағатты ұстаз Кәдірсізов Жемісхан ағай қатысты
Іс-шараны мектеп директоры Г.С.Шаймерденова ашып, осындай полиция бағытындағы ұйымдар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын көтеруге ықпалын тигізетіндігін айтып өтті. Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалды. Сонымен қатар мектеп оқушылары жиынға тұрғызылып, ҚР мемлекеттік туы шығарылып, Әнұран орындалды.
Салтанатты жиынның қонақтары «Жас сақшы» полиция көмекшілерінің Ант қабылдау рәсімімен құттықтап, ұйымға қабылданған оқушыларға куәліктерін табыстап құттықтады.