14
апрель
2026
Бүгін мектебімізде Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында 10 сынып оқушыларымен «Әскери робот техникасының негіздері» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында оқушылар қазіргі заманғы қарулы күштердегі роботтандырылған жүйелердің рөлімен танысып, олардың қолданылу аясын зерделеді. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар, бекіту тапсырмалары болды. Топтық жұмыста оқушылар сызбалар мен көрнекіліктер арқылы роботтардың жұмыс істеу принциптерін талдады. Жеке жұмыста сәйкестендіру, жұптық жұмыста жағдаяттық сұрақтар, бекіту тапсырмасында гексагон әдісі қолданылды.
Интерактивті әдістер мен цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артып, сабақ өз мақсатына жетті. Соңында «Рефлексия ағашы» әдісі арқылы кері байланыс орнатылып, оқушылар алған білімдерін қорытындылады.
Пән мұғалімі: Дәуітбаев Д.О.