«Көлеңкелер еліндегі оқиға» «Сатылған көлеңке»
Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Жадыра Сарсеновна 4-сынып білім алушыларымен 2026 жылғы 16- қаңтарда «Көлеңкелер еліндегі оқиға» «Сатылған көлеңке» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Көлеңкелер еліндегі оқиға» «Сатылған көлеңке» шығармасының мазмұнын меңгерту арқылы мәтінді түсініп оқуға, негізгі ойды анықтауға және кейіпкерлердің іс-әрекетіне сыни тұрғыдан баға беруге үйрету. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, пікір айту дағдыларын дамыту, адалдыққа, адамгершілікке, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Сиқырлы стакан» әдісі, «Белгілеп оқы» әдісі, сондай-ақ Wordwall платформасы арқылы ойын тапсырмалары қолданылды. Топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Бағалау:
Оқушылардың білімін бағалау барысында қалыптастырушы бағалау түрлері қолданылып, мадақтау, ауызша кері байланыс берілді.
Кері байланыс:
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын білдіріп, тақырып бойынша қорытынды жасай алды.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар шығарманың мазмұнын толық меңгеріп, негізгі ойды анықтай алды, кейіпкерлердің әрекетіне баға беріп, өз пікірлерін еркін жеткізді.
Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың әдебиеттік оқу пәніне деген қызығушылығын арттырды.