19
январь
2026
математика пәнінің мұғалімі Тұрсынбек Насихат Әділетқызы алгебра пәні бойынша 7-сыныпта өткен «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбындағы ашық сабақ
19.01.2026 жылы 7-сыныпта математика пәнінің мұғалімі Тұрсынбек Насихат Әділетқызы алгебра пәні бойынша 7-сыныпта өткен «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбындағы ашық сабақта оқушылардың алгебралық өрнектермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, формулаларды тиімді қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру мақсат етілді.
Сабақ барысында екі өрнектің қосындысы мен айырымының квадраты, квадраттар айырымы формулалары түсіндіріліп, оларды есеп шығаруда қолдану жолдары қарастырылды. Теория мен практиканы ұштастыру мақсатында деңгейлік тапсырмалар, логикалық сұрақтар және жұптық жұмыстар ұйымдастырылды.
Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, формулаларды дұрыс қолдану арқылы есептерді жылдам әрі сауатты орындады.
Ашық сабақ білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, математикалық сауаттылықтарын дамытуға ықпал етті.