Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16
март
2026

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Бүгін мектебімізде Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні кең көлемде аталып өтті. Бұл күннің басты мақсаты – жас ұрпаққа халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап, олардың мәні мен маңызын түсіндіру.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Ұлттық киімдер киіліп, салт-дәстүрлерге байланысты көріністер қойылып, халқымыздың мәдениеті мен тарихына қатысты танымдық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар ата-бабадан қалған асыл мұраны құрметтеу, салт-дәстүрлерді сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу керектігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, туған халқының мәдениеті мен дәстүрлерін қадірлеуге, бірлік пен татулықты нығайтуға тәрбиелейді.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Осы мереке аясында өткен Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, халқымыздың рухани байлығын насихаттауға бағытталған тағылымды күн болды.