«Әже өрнегесі» атты танымдық кеш » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әже өрнегесі» атты танымдық кеш
04
март
2026

«Әже өрнегесі» атты танымдық кеш

«Әже өрнегесі» атты танымдық кеш

Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әже өрнегесі» атты танымдық кеш өткізілді. Кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрін, әжелер өнегесін, ұлттық қолөнер мен тәлім-тәрбиесін насихаттау.

Шара барысында оқушылар әжелердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерін тыңдап, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының жасалу жолымен танысты. Әжелеріміз қазақы тәрбие, инабаттылық, үлкенді құрметтеу туралы тағылымды әңгімелер айтып, баталарын берді. Оқушылар ұлттық нақыштағы өнерлерін көрсетіп, әжелерге арнау өлеңдер оқыды.

«Әже өрнегесі» кеші – ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ұлттық рухты жаңғыртқан тағылымы мол шара болды. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас буынның бойына салт-дәстүрге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастырары сөзсіз.