16
март
2026
«Күмбірлеген күміс домбыра» челленджі
Бүгін мектебімізде Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз күні ұлттық өнерімізді дәріптейтін ерекше шара – «Күмбірлеген күміс домбыра» челленджі өтті. Бұл челлендждің басты мақсаты – оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, қазақтың қасиетті домбырасының үнін дәріптеу және жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен мәдени құндылықтарды сіңіру.
Шара барысында оқушылар күмбірлеген домбыраның сүйемелдеуімен күй тартып, ұлттық әуендерді орындап, өнерлерін көрсетті. Домбыраның қоңыр үні мектеп ішін ерекше әсерге бөлеп, әрбір тыңдаушының жүрегіне ұлттық рух сыйлады. Қазақ халқы үшін домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ол халықтың тарихы мен тағдырының, қуанышы мен мұңының сырын жеткізетін қасиетті мұра.
Челленджге қатысқан оқушылар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық өнерді құрметтеудің маңыздылығын тағы бір дәлелдеді. Осындай игі шаралар жас ұрпақты ата-баба дәстүрін қадірлеуге, мәдениетімізді сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелейді.
Наурыз мерекесі – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен берекенің мерекесі. Осы мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Күмбірлеген күміс домбыра» челленджі ұлттық өнеріміздің мәңгі жасайтынын тағы бір мәрте көрсетті.Домбыраның күмбірлеген үні әрқашан қазақ даласында жаңғырып, халқымыздың рухын асқақтата берсін!