«Амал келді – жыл келді» құттықтау челленджі » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Амал келді – жыл келді» құттықтау челленджі
16
март
2026

«Амал келді – жыл келді» құттықтау челленджі

14–23 наурыз аралығында өтетін Наурыз мейрамы аясындағы «Наурызнама» іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 наурыз – Көрісу күні мерекесіне орай «Амал келді – жыл келді» құттықтау челленджі ұйымдастырылды.
14 наурыз – Көрісу күніне орай мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін таныту, ұлттық мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру және ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.
Іс-шара оқушылар мен ұстаздардың қазақы дәстүр бойынша бір-бірімен көрісіп, амандасуынан бастау алды. Көрісу арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі насихатталды. Сонымен қатар қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріліп, олардың тәрбиелік мәні түсіндірілді.
Шара барысында ұйымдастырылған ойындарға оқушылар белсенді қатысып, өз тапқырлықтары мен ептіліктерін көрсетті. Сондай-ақ оқушылар қазақ халқының мақал-мәтелдерін айтып, олардың мағынасын түсіндірді. Іс-шараның ерекше бөлігінің бірі – жасанды интеллект арқылы дайындалған суреттерді сөйлету болды. Бұл әдіс арқылы ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындар көрнекі түрде көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың бай мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 🌿✨