«Ұлттық аспаптармен танысу»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп «Ұлттық аспаптармен танысу» жанындағы «Күншуақ»
сауықтыру лагерінің жоспары бойынша 2025 жылдың 12- маусым күні «Ұлттық аспаптармен танысу» атты тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысы:
Іс-шара ұлттық домбыраның қоңыр үнімен ашылды. Балаларға домбыра, қобыз, сырнай, жетіген, асатаяқ сияқты ұлттық музыкалық аспаптар таныстырылды. Әр аспаптың тарихы, құрылысы, дыбыс шығару ерекшеліктері жайлы қызықты мәліметтер берілді.
Аспаптар көрсетіліп қана қоймай, олардың үні тыңдалып, кейбіріне оқушылардың өздері ойнап көруіне мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, шағын музыкалық концерт ұйымдастырылып, балалар қазақ халық әндері мен күйлерін тыңдады.
Соңында оқушылар викторина арқылы өз білімдерін тексеріп, белсенді қатысқан балаларға мадақтамалар берілді.
Нәтиже: Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балалар ұлттық аспаптар жайлы терең мағлұмат алды. Көпшілігі аспаптарда ойнауға қызығушылық танытты. Мәдени мұраға деген құрмет қалыптасты.
Қорытынды: Мұндай іс-шаралар балалардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеуге, музыкалық қабілетін арттыруға зор үлес қосады.