«Әуенді тап» саз сайысы
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп «Әуенді тап» саз сайысы жанындағы «Күншуақ»
сауықтыру лагерінің жоспары бойынша 2025 жылдың 11- маусым күні «Әуенді тап» саз сайысы атты тақырыбында іс-шара өткізді.
Мақсаты:
Оқушылардың музыкалық сауаттылығын арттыру, есту қабілетін дамыту, музыканы тыңдау және тану дағдыларын жетілдіру. Сондай-ақ, командалық жұмысқа, белсенділікке және сахналық мәдениетке баулу.
Іс-шара мазмұны:
«Әуенді тап» саз сайысында оқушылар топтарға бөлініп, түрлі музыкалық тапсырмаларды орындады. Сайыс кезеңдерінде келесі бағыттар қамтылды:
- Әуенді тыңдап, атауын табу;
- Композиторын немесе орындаушысын анықтау;
- Халық әндері мен заманауи әндерді ажырату;
- Музыкалық фрагментке сәйкес сахналық көрініс көрсету.
Сайыс кезеңдері қызықты, танымдық сипатта өтті. Оқушылар белсенділік танытып, музыка әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қорытынды:
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар музыкалық білімдерін көрсете отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.