04
март
2026
«Ардақты ана", "Батыр ана", "Ер ана» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары
Бастауыш сыныптарда «Ардақты ана", "Батыр ана", "Ер ана» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілуде.
Мақсаты:Оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру.
Ана еңбегін бағалай білуге, мейірімділік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.Қазақ тарихындағы батыр аналардың ерлігін насихаттау.Елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ананың тек отбасы емес, ел тағдырындағы орнын ұғындыру.иындыққа мойымаған қайсар аналардың өмірін үлгі ету.Ана төзімділігі мен даналығын насихаттау.
Қоғамдағы ананың беделі мен жауапкершілігін түсіндіру.
«Ардақты ана» тәрбие сағаты – оқушылардың жүрегіне мейірім мен ізгілік дәнін себетін тағылымды шара. Ана – әр адамның өміріндегі ең қастерлі жан, отбасының тірегі, тәрбиенің бастауы. Бұл тәрбие сағатында оқушылар анаға деген шексіз құрметін өлең-жыр, ән, көрініс арқылы білдіріп, ананың қоғамдағы және отбасыдағы рөлі жайлы ой қозғайды.«Батыр ана» тәрбие сағаты – ел қорғаған, ұрпағын ерлікке тәрбиелеген қайсар аналардың өнегесін танытатын тағылымды іс-шара. Қазақ тарихында ер жүрек батырларды дүниеге әкеліп қана қоймай, ел басына күн туған шақта өздері де ерлік көрсеткен аналар аз емес.
Мысалы, Домалақ ана – даналығы мен көрегендігі арқылы ел бірлігін сақтауға үлес қосқан тұлға. Айша бибі – адалдық пен махаббаттың символына айналған аяулы жан. Ал Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова – Отан үшін жанын қиған батыр қыздар, олар да бір ананың тәрбиесін көріп өскен ер жүрек жандар.«Ер ана» тәрбие сағаты – өмірдің талай сынағынан сүрінбей өткен қайсар аналардың бейнесін ашуға арналған рухани кеш. Ер ана – тек отбасының ғана емес, тұтас ұлттың тірегі. Ол – сабырдың, төзімнің, даналықтың үлгісі.
Қазақ тарихында ел басына күн туған шақта ұлын батыр, қызын қыран етіп тәрбиелеген аналар аз емес. Соның бірі – Қарашаш ана, даналығы мен тәрбиесі арқылы ұрпағына өшпес өнеге қалдырған тұлға.
Шара барысында оқушылар ана бейнесін көркем сөз, сахналық қойылымдар арқылы бейнелеп, ер аналардың өмір жолын талдайды. Бұл тәрбие сағаты ананың қайсар рухын дәріптеп, оқушыларға өмірлік құндылықтарды ұғындыруға бағытталады.