«Ананың аялы алақаны»
Педагогтің аты-жөні: Балабекова Ж.С.
Сыныбы: 4-сынып
Күні: 09.03.2026 ж.
Қатысушылар саны: 16
Қатыспағандар саны: 0
Бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Ж.С. 4-сынып білім алушыларымен «Ананың аялы алақаны» челленджі аясында «Бәрінен биік ана жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының дәйексөзі ретінде «Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік» нақыл сөзі негізге алынды.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ананың мейірімі мен қамқорлығының маңызын түсіндіру, анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту. Оқушыларды отбасы құндылықтарын бағалауға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті. Анаға деген алғыс пен құрметті білдіретін шығармашылық жұмыстар орындады. Сонымен қатар «Ананың аялы алақаны» челленджі арқылы оқушылар аналарға деген жылы лебіздерін білдіріп, отбасы құндылықтарының маңызын түсінді.
Қауіпсіздік сабағы:
«Бейтаныс адамға көмек көрсетуге бола ма?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақ болу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, қажет болған жағдайда үлкендерге немесе жедел қызметтерге хабарласу қажеттігі түсіндірілді.
Мақсаты:
Бейтаныс адамдармен байланыс кезінде қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз әрекет жасауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар анаға деген сүйіспеншілік пен құрметтің маңызын түсінеді;
- Отбасылық құндылықтарды бағалауға үйренеді;
- Өз ойларын еркін жеткізе алады;
- Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыланады.
Кері байланыс:
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын айтып, анаға деген алғыс сөздерін білдірді. Қауіпсіздік ережелерін қайталап, өмірде қолдану қажеттігін атап өтті.
Бағалау:
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларға қатысуы қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланып, ауызша кері байланыс берілді.
Қорытынды:
Тәрбие сағаты тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Оқушылар анаға деген құрмет пен сүйіспеншіліктің маңызын түсініп, қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін толықтырды.