Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
24
декабрь
2021

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

АНЫҚТАМА


       2021 жылдың желтоқсан айының 24-і    күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді.Үстелдерді өндеуге арналған құралдар бар. Отыратын  орындар саны жеткілікті..Кептіргіштердің жағдайы ретке келтірілген.Ыдыстың қосалқы жиынтығы жеткілікті және бар.Ас блоктарында шамдарда қорғаныш арматурасы ылғалдан қорғанышы бар шам жоқ.Сыныптар бойынша тамақтану   кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталынған.Дайындалған өнімнің аргонолептикалық қасиеті,дайын өнімнің сапасы сәйкес,ас мәзіріндегі көрсетілген тағамдар білім алушыларға берілді.Тамақпен байланысты емес тауарлар сатылған жоқ.    

       Нанды сақтау жағдайы жақсы қарастырылған.Санитарлық жағдайы жасалынған,нан сақтауға  арналған сөрелерде 1% сірке суы ерітіндісі бар. Бактерицидті шам жоқ.Асхана қызметкерінің сыртқы келбеті ,формасының тазалығы,ұқыптылығы,арнайы киімі талапқа сай келеді. Ыдыс жуу ережесіндегі талаптар бойынша ыдыстар жуылып , арнайы орындарына қойылған. Асхананы жуу және өндеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайларды одан әрі жақсырақ болуы үшін ұсыныстар берілді.Сусымалы өнімдер тұғырықтарда,тауар қойғыштарда,стеллаждарда сақталынған.Көкөністер жәшіктерде,тауар қойғыштарда тегендердегі таңбаланған  сыйымдылықтарда сақталынған.Соның  ішіндегі заттардың көршілестігін сақтау керектігі туралы ұсыныс берілді.

       Асхананың жұмыс кестесі сақталынған,ауыз су режимі талапқа сәйкес ұйымдастырылған.Қол жуатын раковиналар таза,сабын бар,кептіргіш болмағандықтан, қол сүртетін арнайы қағаздар қойылған.     

     Тамақ өнімдерінде жарамдылық мерзімдері бар,сақталынуы ретті.Тоңазытқыштың жағдайы жақсы, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ет сақтаудың санитариялық жағдайы сәйкес келеді.Дайын астың дәмі,түрі ,түсі сәйкес келеді. Білім алушылар  талаптарға сәйкес тамақтануда.Кезекшілер өз ретімен кезекшіліктерін атқаруда.