Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
2022 жылдың 20-қаңтар күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді.Тағамдарды,мәзірге сәйкес ұн өнімінен жасалатын өнімдерді дайындау жағдайы бойынша,электр пешінің жағдайы қалыпты деңгейде жұмыс істеп тұр. Қауіпсіздік ережесі сақталынған.Асхана қызметкерінің жеке және өндірістік гигиенасын сақтау барысы бойынша ұсыныстар берілді. Мөрмен немесе қолмен расталған сатылатын буфет өнімдері ассортиментінің тізбесі бар.Асханада кезекшілік өз деңгейінде атқарылуда.Білім алушылар тамаққа сәйкес тамақтануда.Тамақтану жағдайында уақытылы тамақтарды тарату жағдайында кемшіліктерге жол бермеді.
Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталынған.Дайындалған өнімнің аргонолептикалық қасиеті,дайын өнімнің сапасы сәйкес,Ас мәзіріндегі көрсетілген тағамдар білім алушыларға берілді.Тамақпен байланысты емес тауарлардың сатылуына жол берілген.
Асхананың жұмыс кестесі сақталынған,ауыз су режимі талапқа сәйкес ұйымдастырылған.Қол жуатын раковиналар таза,сабын бар,кептіргіш болмағандықтан қол сүртетін арнайы қағаздар қойылған. Ыдыс жуу ережесіндегі талаптар бойынша ыдыстар жуылып, арнайы орындарына қойылған. Асхананы жуу және өндеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайларды одан әрі жақсырақ болуы үшін ұсыныстар берілді.
Жуу құралдарының сақтау мерзімі өтпеген,кейбір жуу құралдарының сертификаттары жоқ.Тамақ қалдықтарына арналған ыдыс өнделмеген.Тазалау кестесі бойынша, тазалық жүргізіледі.Сусымалы өнімдер тұғырықтарда,тауар қойғыштарды,стеллаждарда сақталынған.Көкөністер жәшіктерде,тауар қойғыштарда тегендердегі таңбаланған сыйымдылықтарда сақталынған.Соның ішіндегі заттардың көршілестігі сақталмаған.
Нанды сақтау жағдайы жақсы қарастырылған.Санитарлық жағдайы жасалынған.Нан сақтауға арналған сөрелерде 1% сірке суы ерітіндісі бар. Бактерицидті шам жоқ.Асхана қызметкерінің сыртқы келбеті ,формасының тазалығы,ұқыптылығы,арнайы киімі талапқа сай келеді.