Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
15
апрель
2022

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
 АНЫҚТАМА

2022жылдың сәуір айының 15-і күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Дайындалған өнімнің органолептикалық қасиеті талапқа сәйкес келеді,технологиялық картаға сәйкес,10 порцияны бақылап өлшеу барысында ,ешқандай қателікке жол берілмеген,тарату жағдайы да сәйкес. Асханалық аспаптар тап-таза, дұрыс орналастырылған. Тыйым салынған заттар сатылған жоқ,тамақпен байланысты емес заттар,товарлар сатылған жоқ.Асхана қызметкерінің жеке және өндірістік гигиенасы жақсы. Сапа мен қауіпсіздікті куәландыратын құжаттар бар.Тоңазытқыштардың температуралық режимін тексергенде, қалыпты деңгейде екені анықталды. Дезинфекциялық құралдар,ілеспе құжаттар бар. Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераждық журналы мерзімінде толтырылған,толық тазалау жүргізу журналы толтырылмаған. Асхананың жұмыс кестесі сақталынып,сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталынған.Дайын өнімнің сапасы сәйкес келеді. Асханалық аспаптарды дұрыс сақтап, қасықтарды, шанышқыларды жоғары қаратып қойған. Жуу құралдарына арналған сертификаттар бар.тоңазытқышта тауар көршілестігі сақталынған.
Ауыз су бойынша уақыты өтіп кеткен, мерзімі,күні ауыстырылмаған.Қол жуатын раковиналарда сабын қойылмаған. Жуу құралдарының кейбір түрінің мерзімі өткен.Нан үгіндісін жинауға арналған ыдыс пен щетканы ауыстыру туралы ұсыныстар берілді.Жерге тұйықтаудың, резеңке кілемшелер қойылмаған.