Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
16
март
2022

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

АНЫҚТАМА

        2022 жылдың 16 наурыз  күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды. 

         Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режиміне қойылатын талаптардың сақталмағаны анықталды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптар орындалмаған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілмеген.

Тарату жағдайында ылғалды заттарды пайдаланған жоқ, талаптарға сәкес келеді.Тыйым   салынған тағамдар мен өнімдер дайындалмайды және сатылып пайдаланылмады. Тамақпен байланысты емес тауарлар сатылған жоқ.Жиhаздардың жағдайы сәйкес келмейді,ескілеу.Ас блоктарында шамдарда қорғаныш арматурасының ылғалдан қорғанышы бар шамдар жоқ.Жуу құралдарын сақтау және таңбалау шарттары таңбаланбаған.Жуу   құралдарының сертификаттары жоқ.Тауар көршілестігін  сақтау барысында ұсыныс ескерту айтылды.Қоймалардың санитарлық жағдайы сәйкес.Тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы талапқа  сәйкес емес.Нан сақтауға арналған сөрелерді өңдеуге арналған 1% сірке суы ерітіндісі бар. Жұмыртқаны жууға және өңдеуге арналған таңбасы бар сыйымдылық болмады.Жұмыртқа жууға арналған құрал болған жоқ.Ас блогының жұмысшысында бөгде заттар,  ірінді аурулар жоқ.