ДОСБОЛLIKE жобасы аясында «Мен – мейірімді доспын»
Бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Ж.С. 4-сынып білім алушыларымен ДОСБОЛLIKE жобасы аясында «Мен – мейірімді доспын» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының дәйексөзі ретінде Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» нақыл сөзі негізге алынды.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға буллингтің зияны мен оның салдары туралы түсінік беру. Өздерін қорғай білу дағдыларын дамыту. Мейірімділікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар буллинг ұғымымен танысып, оның түрлері мен алдын алу жолдары талқыланды. Оқушылар бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету, мейірімді болу туралы пікір алмасты. Түрлі жағдаяттық тапсырмалар арқылы өздерін қорғау және дұрыс әрекет ету дағдылары қалыптастырылды.
Қауіпсіздік сабағы:
«Табиғат аясында демалу кезіндегі қауіп-қатерден сақтану» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға табиғатта демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, отты дұрыс пайдалану, белгісіз жерлерге бармау, су айдындарының маңында сақ болу қажеттігі түсіндірілді.
Мақсаты:
Табиғат аясындағы демалыс кезінде тәртіп ережелерін талқылау, демалыс орындарында негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар буллингтің зияны мен салдарын түсінеді;
- Өздерін қорғай білу дағдыларын меңгереді;
- Мейірімділік пен достық қарым-қатынастың маңызын ұғынады;
- Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.
Кері байланыс:
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын білдіріп, достық пен мейірімділік туралы қорытынды жасады. Қауіпсіздік ережелерін атап, өмірде қолдануға дайын екендіктерін көрсетті.
Бағалау:
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларға қатысуы қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланды. Ауызша кері байланыс беріліп, мадақтау жүргізілді.
Қорытынды:
Тәрбие сағаты тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Оқушылар достық пен сыйластықтың маңызын түсініп, қауіпсіздік дағдыларын меңгерді.