«ДОСБОЛLIKE. Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты және «Көшедегі қауіпсіздік ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДОСБОЛLIKE. Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты және «Көшедегі қауіпсіздік ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы
17
ноябрь
2025

«ДОСБОЛLIKE. Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты және «Көшедегі қауіпсіздік ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы


   2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «ДОСБОЛLIKE. Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты және «Көшедегі қауіпсіздік ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Тәрбие сағатын сынып жетекшісі ұйымдастырып өткізді. 

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллингтің алдын алу жолдарын түсіндіру, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ көшеде және ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын ұғындыру.

Сабақ барысында буллингтің түрлері, оның зияны және одан қорғану тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен жағдаяттық тапсырмалар, пікір алмасу ұйымдастырылып, өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік берілді. Қауіпсіздік сабағында көшеде ойнау кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары туралы айтылды.

Іс-шара оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.