«7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні»
Бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Ж.С. 4-сынып білім алушыларымен «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні» аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының дәйексөзі ретінде Абай Құнанбайұлының «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» нақыл сөзі негізге алынды.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтануға, спортпен айналысуға баулу. Зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дене белсенділігінің пайдасы туралы мәлімет алды. Оқушылар өз ойларын білдіріп, денсаулықты сақтау жолдары туралы пікір алмасты.
Қауіпсіздік сабағы:
«Тамақпен эксперимент жасаудың қауіптілігі» және «ЖКО-да зардап шеккен балалар жарақаттарының негізгі түрлері мен себептері» (ЖЖЕ №5) тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға тағамды дұрыс қолдану, белгісіз тәжірибелерден аулақ болу, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мәдениетін дамыту, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар салауатты өмір салтының маңызын түсінеді;
- Дұрыс тамақтану және денсаулық сақтау дағдыларын меңгереді;
- Зиянды әдеттерден аулақ болуға ұмтылады;
- Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыланады.
Кері байланыс:
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын айтып, денсаулықты сақтаудың маңызын қорытындылады. Қауіпсіздік ережелерін атап, күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін көрсетті.
Бағалау:
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларға қатысуы қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланды. Ауызша кері байланыс беріліп, мадақтау жүргізілді.
Қорытынды:
Тәрбие сағаты білімдік және тәрбиелік тұрғыдан жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасы қалыптасып, салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығы артты.