«ДОСБОЛLIKE. Жақсы мен жаманды ажырат»«Табиғат аясында демалу кезіндегі қауіп-қатерден сақтану» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДОСБОЛLIKE. Жақсы мен жаманды ажырат»«Табиғат аясында демалу кезіндегі қауіп-қатерден сақтану» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы
26
январь
2026

«ДОСБОЛLIKE. Жақсы мен жаманды ажырат»«Табиғат аясында демалу кезіндегі қауіп-қатерден сақтану» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы

         2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 4-сынып оқушыларымен «ДОСБОЛLIKE. Жақсы мен жаманды ажырат» тақырыбында сынып сағаты және «Табиғат аясында демалу кезіндегі қауіп-қатерден сақтану» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету, достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластыққа, әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушыларға адамгершілік құндылықтар, дұрыс мінез-құлық нормалары туралы түсіндіріліп, жағдаяттық тапсырмалар арқылы олардың ойлау, талдау қабілеттері дамытылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін еркін білдірді.

Қауіпсіздік сабағында табиғат аясында демалу кезінде кездесетін қауіп-қатерлер, өрт қауіпсіздігі, су маңындағы сақтық шаралары, жәндіктерден сақтану және қоршаған ортаны қорғау ережелері түсіндірілді.

Аталған іс-шаралар оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға және саналы тұлға тәрбиелеуге бағытталды.