17
ноябрь
2025
"Желідегі қауіптер және олардан қорғану жолдары"
10 - 11 сынып жетекшілері "Желідегі қауіптер және олардан қорғану жолдары" тақырыбында кезекті сабақтарын өткізді.
Сабақ кіріспе бөлімнен басталып, оқушылардың желідегі қауіпсіздік туралы бар білімдерін өзектендіруге бағытталды. Алдымен педагог оқушылармен шағын әңгімелесу жүргізді. «Егер сіз өз аккаунтыңызға кіру мүмкіндігінен айырылып, жеке деректеріңіз жалпыға қолжетімді болып қалса, қандай сезімде болар едіңіз?», «Деректеріңіздің қауіпсіздігіне кім жауапты?» деген сұрақтар қойылып, жеке деректердің қауіпсіздігіне әр адамның өзі жауапты екені жөнінде қорытынды жасалды.
Одан кейін «Естідім. Білемін. Кездестім» ойыны өткізілді. Слайдтағы кестеде желідегі түрлі қауіп түрлері (груминг, манипуляция, интимдік фотолар, зиянды контент, тәуелділік, секстинг, sextortion, киберсталкинг, хейт, кибербуллинг, онлайн-абьюз, экстремизм және идеологиялық әсер ету) көрсетіліп, оқушылар:
«Естідім» – қол көтеру;
«Білемін» – басты изеу;
«Кездестім» – аяқпен тарсылдату
арқылы өз тәжірибелерін белгіледі.
Талқылау барысында бұл құбылыстардың көпшілігі оқушылардың өмірінде кездесетіндігі, яғни желідегі қауіптердің шынайы әрі жиі орын алатыны анықталды.
Келесі қадамда «Ақылмен әрекет ет» ұжымдық іс-әрекеті ұйымдастырылды. Педагог оқушылармен бірге желідегі әрбір қауіп түріне жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын анықтайтын кестені толтырды.