«Адал болу – арлы болу» «Желідегі жалған фейктерден қалай сақтануға болады?» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал болу – арлы болу» «Желідегі жалған фейктерден қалай сақтануға болады?» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы
12
январь
2026

«Адал болу – арлы болу» «Желідегі жалған фейктерден қалай сақтануға болады?» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы


     2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында сынып жетекшісі Балабекова Жадыра Сарсеновна 4-сынып оқушыларымен «Адал болу – арлы болу» тақырыбында (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу) сынып сағатын және «Желідегі жалған фейктерден қалай сақтануға болады?» тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағын өткізді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, әділдік, ар-ождан, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, әділ қоғам құруға тәрбиелеу.

Сабақ барысында адалдық ұғымы, әділ әрекет ету, парақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен жағдаяттық тапсырмалар орындалып, өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік берілді.

Қауіпсіздік сабағында интернет желісіндегі жалған ақпараттар мен фейктердің қауіптілігі, оларды ажырату жолдары, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді жарияламау туралы маңызды ақпарат берілді. Оқушыларға желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Аталған іс-шаралар оқушылардың адалдық қасиеттерін қалыптастыруға, саналы әрі жауапты тұлға болып өсуіне және цифрлық қауіпсіздік дағдыларын дамытуға бағытталды.