"Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары" қауіпсіздік сабағы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары" қауіпсіздік сабағы
08
декабрь
2025

"Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары" қауіпсіздік сабағы

5-9 сыныптар арасында сынып жетекшілер 8 желтоқсан күні "Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары" атты сабақтарын өткізді. Сабақ кіріспе бөлімнен басталып, білім алушылармен «Цифрлық із» ұғымы талқыланды. Оқушылар комментарий, лайк, фотосурет, жазылым сияқты әрекеттердің интернетте қалдыратын цифрлық ізі туралы өз ойларын айтты. Педагог белсенді және пассивті цифрлық іздің айырмашылығын түсіндіріп, интернеттегі кез келген әрекеттің адамның онлайн беделіне әсер ететінін атап өтті. Оқушылар жұптық жұмыс арқылы «Интернет мен туралы не біледі?» тапсырмасын орындап, өздерінің әлеуметтік желідегі ақпараттары мен жарияланымдарының қауіпсіздік деңгейін талдады. Цифрлық ізді бақылаудың маңыздылығы, ескі жарияланымдардың болашаққа ықпалы және интернеттен ақпаратты толық жою мүмкіндігі туралы пікірталас жүргізілді.