03
декабрь
2025
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" пікірсайыс
Байсейіт жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік балалар күніне орай 6-7 сыныптар арасында сынып жетекшілер А.Сейітова мен Г.Утебаева "Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында пікір сайыс ұйымдастырып өткізді. Мақсаты:Цифрлық сауаттылықты арттыру, онлайн ресурстарды жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру. Қауіпсіз интернет кеңістігін құруға деген жеке жауапкершілікті қалыптастыру.Оқушылардың пікірталас арқылы ой өрісін, сауатты сөйлеу, берілген тақырыпқа қатысты талдау жасай білу, ой-пікірлерін сұрыптау мен жүйелеу дағдыларын қалыптастыру.