Нағыз ер азамат болу-намыс пен жауапкершілік кездесу » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нағыз ер азамат болу-намыс пен жауапкершілік кездесу
20
январь
2026

Нағыз ер азамат болу-намыс пен жауапкершілік кездесу


"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Заң және тәртіп" құндылығы аясында 2026 жылдың 20 қаңтар күні мектепте ДТІЖО: Ж.Едилованың ұйымдастыруымен «Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік» атты тақырыбында тәрбиелік бағыттағы кездесу өткізілді.Кездесудің мақсаты – білім алушыларға ер азаматқа тән асыл қасиеттерді (намыс, жауапкершілік, адалдық, батылдық, отансүйгіштік) насихаттау, ұл балалардың тұлғалық қалыптасуына оң ықпал ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Іс-шараға мектеп директорының м.у.а А.Жасыбаева, АӘД пәнінің мұғалімі Дәуітбаев Д., Қостоған ауылдық округінің маманы Мамытов Нұржан Арыстанбекұлы, мектеп инспекторлары Оспанбеков Е,Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Касимов Бекнур Даниярулы ,ауыл ақсақалдар кеңесінен төрағасы Кожагулов Т.Н. аулы ақсақалы Тасыбеков Н., әкелер кеңесінің мүшелері Қалмырзаев Ғ, Кенжегулов С., және білім алушылар қатысты. Кездесу барысында қонақтар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ер азаматтың отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі, тәртіп пен адамгершілік құндылықтардың маңызы туралы ой қозғады.
Жиналыс барысында намыс, жауапкершілік, адалдық, тәртіп секілді ұғымдар кеңінен талқыланып, ер азаматқа тән мінез-құлық пен өмірлік ұстанымдар жайлы ой қозғалды. Оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, өмірлік жағдайлар бойынша ой бөлісті.
Іс-шара жасөспірімдерді өз әрекетіне жауап бере алатын, саналы да намысты тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеуге бағытталды.