27
январь
2026
«ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ» кездесу
2026 жылдың 27 қаңтар күні Жаңатоған ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маман А. Құрамайдың ұйымдастыруымен «ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ»тақырыбында жастар арасында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 09 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, жастар арасында дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру, жастарды қоғам өміріне белсенді араласуға және рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара №30 Байсейіт Жылкелдин атындағы ЖОББМ – те өтті. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс жөніндегі теолог маманы Пірназаров Бауыржан қатысып, жастарға дін мен қоғамның өзара байланысы, зайырлы қоғамдағы діннің орны, білімнің маңыздылығы, мақсат қоя білу, еңбекқорлық пен жеке жауапкершіліктің рөлі туралы тағылымды ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында жастарға діннің адам тәрбиесіндегі орны, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбие мәселелері, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты.
Шара соңында қатысушы жастарға қоғамда бейбітшілік пен бірлікті сақтауға, діни сауаттылықты арттыруға, білім мен еңбекті басты құндылық ретінде ұстануға шақыру айтылып, белсенді жастарға алғыс білдірілді. Кездесу жастардың рухани көзқарасын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға оң ықпал етті.