1 - қыркүйек Білім күні » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2024

1 - қыркүйек Білім күні

Байсейіт Жылкелдин атындағы N30 жалпы орта білім беретін мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы Білім күнін атап өту туралы Ұсынымын негізге ала отырып, білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері- З.М.Досмухамбетова , аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілі А.Мамбетов , ардагер ұстаздар Тайжанбаева Р. ,Шолпанкулова А., мектеп әкімшілігі, 1,9,10,11 сынып білім алушылары мен ата-аналар қатысты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық Құрылтайының үшінші отырысында негізгі құндылықтарды жариялады:Тәуелсіздік және патриотизм;Бірлік пен ынтымақ; Әділеттілік және жауапкершілік; Құқықтық тәртіп; Еңбекқорлық пен кәсібилік; Жасампаздық және инновация. Бұл құндылықтарды Birtutas Tarbie бағдарламасы аясында балалар арасында дәріптеудің маңызын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осы орайда мектеп директоры мен келген қонақтар құттықтау сөздерінде жас бүлдіршіндерге және мектеп түлектеріне жылы лебізін білдіріп, білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарытты. Осындай салтанатты шарада мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз «Алғашқы қоңырау», «Алғашқы қоңырау», атты әндері мен «Қызғалдақ" билерімен өнерлерін көрсетті. Жиын соңында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушылары қоңырау соқты.