« Суицидтің өршуі-қоғамға келген қатер» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Суицидтің өршуі-қоғамға келген қатер»
16
апрель
2026

« Суицидтің өршуі-қоғамға келген қатер»

Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 16- сы күні ата –аналарға арналға іс-шара өткізу барысында ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы психологиялық күйзелістердің себептері, олардың алдын алу жолдары, балаға эмоционалдық қолдау көрсету маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, онымен ашық әңгіме жүргізу және сенімді қарым-қатынас орнату жолдары талқыланды. Кездесуде ата-аналар түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындап, өз пікірлерімен бөлісті.Іс-шара барысында « Суицидтің өршуі-қоғамға келген қатер» тақырыбында 9сынып жетекшісі Г.Наргелова баяндама оқыды. Психолог тарапынан нақты кеңестер беріліп, ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған практикалық ұсыныстар ұсынылды.Іс-шара соңында ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, кері байланыс жасап, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.Ата-аналар оқушылардың психологиялық саулығын нығайтуға өз үлесін қоса береді.