«Саналы ата-ана» тақырыбында сессия » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Саналы ата-ана» тақырыбында сессия
08
сентябрь
2025

«Саналы ата-ана» тақырыбында сессия

"Отбасы күніне" орай мектеп педагог-психологы Г.Ниеталиева Г.Ж «Саналы ата-ана» тақырыбында сессия өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесіндегі саналы ұстанымдарды қалыптастыруға психологиялық қолдау көрсету, отбасы мен мектеп арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту болды.
Сессия барысында ата-аналарға баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуы, қарым-қатынастағы эмоционалды қолдау, отбасындағы сенімділік пен сүйіспеншіліктің маңызы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, ата-аналардың тәрбиелік тәжірибесін жетілдіруге арналған психологиялық жаттығулар, пікірталастар және топтық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Іс-шарада педагог-психолог ата-аналарға бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтарды жеңудің тиімді тәсілдері, ашық қарым-қатынастың рөлі, жауапкершілік пен өзара сыйластықты нығайту жолдары жөнінде кеңестер ұсынды. Ата-аналар өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісіп, баланы түсіну мен қолдау жолдарын талқылады.Сонымен қатар оқушылардың ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды.