«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас: түсіністік пен сенім» форум » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас: түсіністік пен сенім» форум
19
ноябрь
2024

«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас: түсіністік пен сенім» форум

Бүгін, 2024 жылдың 19 қарашасында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас: түсіністік пен сенім» тақырыбында ата-аналар форумы болып өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау, отбасындағы ата-аналар жауапкершілігінің маңызына назар аудару, тәрбие процесіндегі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың рөлін арттыру.
Форумда сонымен қатар бала тәрбиесі, білімі, дамуы, денсаулығы және бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер туралы пікірлесуге арналған орта құру болды. Форумға аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары А.Мамытбеков, мектеп инспекторы Е.Оспанбеков, Жаңатоған ауылдық округының мамандары ,Қамқоршылық» кеңес мүшелері және 75 ата-ана қатысты. Форум барысында психологиялық тренинг жүргізіліп, дарынды балалар концерті мен ұлттық бұрышқа көрме ұйымдастырылды. Форумды мектеп директоры Г.С. Шаймерденова ашып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі, отбасылық құндылық пен ұлттық құндылықтың маңызы, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Бестерек» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, құқық қорғау органының қызметкерлері ақпараттармен бөлісіп, ата-аналармен пікір алмасты. Бейнефильмдер көрсетіліп, сол бойынша ата- аналар ашық әңгіме жүргізді. Жиналыс бала мен ата-ана арасындағы жылы қарым-қатынас, сенім, түсіністік туралы , смартфонға тәуелділік, отбасылық әңгіме туралы жақсы басқосу болды.