17
сентябрь
2025
"Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу" тақырыбында ата
2025 жылдың 17 қыркүйек күні №30 жалпы орта білім беретін мектебінде "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі талқыланды. Сонымен қатар жиынға қатысушы қонақтар тарапынан ата-аналарға құқықтық мәдениетті арттыру, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын күшейту туралы ұсыныстар айтты. Жиналыс барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері қарастырылып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты көкейкесті сұрақтарын қойды.