23
январь
2026
МИФ онкүндігінің аясында математика пәнінің мұғалімі Әріпхан Айжамал 5-сынып оқушылары үшін «Ұлттық математика – асық додасы»
МИФ онкүндігінің аясында математика пәнінің мұғалімі Әріпхан Айжамал 5-сынып оқушылары үшін «Ұлттық математика – асық додасы» атты қызықты сынып сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — оқушыларға қазақтың ұлттық ойыны асық арқылы математика пәнін қызықты түрде үйрету және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге баулу.
Сынып сағаты барысында оқушылар жеңіл математикалық тапсырмаларды орындады. Оқушылар сандарды тез есептеп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Ойын арқылы өткен тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырып, сабақ көңілді өтті.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен достықты көрсетті. Ұлттық ойын мен білімді ұштастырған бұл сынып сағаты оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор, қызықты шаралар оқушылардың білімге деген ынтасын арттырары сөзсіз.