«Кел, балалар ойнайық»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 13- маусым күні мектеп жанындағы «Күншуақ» сауықтыру лагері аясында бастауыш сыныптың дене шынықтыру пән мұғалімі Шамилов Бақытжан ұйымдастырған «Кел, балалар ойнайық»атты ойын сәтті, жоғары деңгейде өткізді, оқушылар белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың белсенділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту және ұлттық ойындар мен заманауи қозғалыс ойындары арқылы денсаулықтарын нығайту болды.
Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты. Балалар топтарға бөлініп, әртүрлі ойын түрлерін ойнады: "Арқан тартыс", "Соқыр теке", "Қарақұмық тасу", "Кім жылдам?" сынды дәстүрлі және қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызықты викториналық сұрақтар мен жұмбақтар шешу арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеті де дамытылды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті, балалар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Мұндай іс-шаралар оқушылардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.