«Біздің аула ойындары»атты спорттық жарыс
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 11- маусым күні мектеп жанындағы «Күншуақ» сауықтыру лагері аясында бастауыш сыныптың дене шынықтыру пән мұғалімі Шамилов Бақытжан ұйымдастырған «Біздің аула ойындары»атты спорттық жарысты сәтті, жоғары деңгейде өткізді.
Іс-шараның мақсаты – балалар арасында ұлттық және заманауи аула ойындарын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжымдық бірлікті нығайту және оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру болды.
Іс-шараға 1–5 сынып оқушылары белсене қатысып, келесі ойын түрлері ұйымдастырылды:
- «Асық ату»
- «Сақина тастау»
- «Қыз қуу» (жеңіл эстафета нұсқасы)
- «Арқан тартыс»
- «Соқыртек»
- «Допты алып қашу»
- Командалық эстафеталық ойындар
Оқушылардың белсенділігі жоғары болды, әрбір ойыннан кейін қысқаша сергіту сәттері мен ойынның маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара жоғары деңгейде, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өткізілді.
Анықтама оқу ісін ұйымдастыру барысында есепке алу үшін берілді.