22
май
2026
«Өзіңді күт, әр күніңді бағала» психологиялық ұсынымы.
Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың эмоционалды саулығын нығайту, өзін-өзі бағалауын арттыру, өз денсаулығы мен көңіл-күйіне жауапкершілікпен қарауға үйрету мақсатында «Өзіңді күт, әр күніңді бағала» психологиялық ұсынымы өткізілді. 5-11 сыныптарға іс-шара барысында мотивациялық бейнежазбалар көрсетілді, арт-терапиялық элементтер, ой сергітетін жаттығулар, позитивті ойлауға бағытталған тапсырмалар жүргізілді. Әр қатысушыға өзін-өзі бағалауға, ішкі ресурсты табуға, стресс жағдайларын басқаруға арналған кеңестер ұсынылды.Психологиялық ұсыным оқушылардың мотивациясын көтеріп, өз-өзіне деген көзқарасын жақсартуға ықпал етті.