Көшпелі жиналыс » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2026

Көшпелі жиналыс

2026 жылдың 10 сәуірінде Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған жиынның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында кездесетін құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тәрбие жұмыстарын жетілдіру болды.
Күн тәртібінде жастар арасында орын алып отырған құқықбұзушылықтардың себептері жан-жақты талқыланып, олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру және ата-ана, мектеп, қоғам арасындағы өзара байланысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында жауапты мамандар өз ұсыныстарын білдіріп, нақты шаралар жоспары ұсынылды. Қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.