15
март
2024
15 - наурыз қайырымдылық күні
Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, 15 - наурыз қайырымдылық күніне орай Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ӨӨБ ұйымы және әлеуметтік - педагог Калыкулова Г. қайырымдылық күнін ұйымдастырып өткізді. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.