19
март
2024
15- наурыз Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі.
15- наурыз Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Осыған орай Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 наурыз күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын камтамасыз ету мақсатында «QН Жаздық жолдама - 2024» қайырымдылық жобасы бойынша жолдама берілді. Жолдаманы салтанатты түрде тапсыру үшін мектебіміздің ұлағатты ұстазы ардагер Тайжанбаева Роза Досбергенқызы, мектеп директоры Г.Шаймердановна, оқу ісі жөніндегі орынбасары Жасыбаева А. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- ж.Едилова 5-8 сынып оқушылары аралығындағы 4 оқушыға ыстық лебіздерін білдіріп, үлкен жетістіктер мен толағай табыстар тілеп, СЕРТИФИКАТ табыстады.