04
июнь
2026
«Менің болашағым» тренингі
Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде педагог-психологтың ұйымдастыруымен «Менің болашағым» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өз армандары мен мақсаттары туралы ой бөлісіп, болашақ мамандықтары мен жетістіктеріне қатысты қызықты тапсырмалар орындады. Іс-шара балалардың өзіне деген сенімін арттырып, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

