06
февраль
2026
“Сенімділік бойыңа күш береді” психологиялық тренинг
Мектеп психологы 8–9 сынып оқушылары арасында “Сенімділік бойыңа күш береді” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар өз-өзіне сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар орындап, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Топтық ойындар арқылы бір-бірін қолдау, өз ойын еркін жеткізу және жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру көзделді.Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың өз мүмкіндіктеріне сенімін нығайтуға ықпал етті.