28
октябрь
2025
«Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты» әдісі. М.Митина.
Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық ұжым ішіндегі әлеуметтік-психологиялық ахуалды, ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасын, эмоционалды жай-күйін бағалау мақсатында М.Митинаның «Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты» әдісі бойынша сауалнама алынып, қатысқан 26 мұғалім 40–50 ұпай аралығында жинап, нәтижесі жағымды, ынтымақты климат екенін көрсетті. Сауалнама нәтижесі бойынша ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптасқан. Мұғалімдер арасында өзара қолдау, сыйластық, сенімді қарым-қатынас орнаған. Қызметкерлердің көпшілігі жұмыс атмосферасын жағымды, ұжымды – бірлікті және түсіністігі бар деп бағалаған.