06
февраль
2026
«Сенімділік бойыңа күш береді» тренингі
Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-10 сынып оқушыларының сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру мақсатында «Сенімділік бойыңа күш береді» тақытыбында тренинг өткізілді. 8-10 сыныптармен тренинг барысында «Жылдамдық», «Ақ парақтың екі бөлігі», «Сілкіп таста», «Мен саған сенімдімін», «Күн шуақты алаңқай» ойын жаттығулары, рефлексия өткізілді.Оқушылар өз қабілеттерін бағалап, ішкі ресурстарын анықтауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, өз ойын еркін жеткізу, жауапкершілік алу және қиын жағдайларда сенімді әрекет ету дағдылары дамытылды.