18
апрель
2025
«Өмірдің мәні» шығарма байқауы
Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі сәуір айлығы барысында «Өмірдің мәні» тақырыбындағы 8-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірдің мәні туралы ой-толғамдарын еркін жеткізе білуге үйрету және көркем тілде жазу дағдыларын жетілдіру мақсатында шығарма байқауы ұйымдастырылды. Байқау ережесіне сәйкес, әр оқушы өз ой-толғауын еркін әрі сауатты түрде жазып, шығармашылық қабілетін көрсетті. Шығармалар мазмұны, тақырыпты ашуы, ой жүйелілігі, тіл байлығы және жазу сауаттылығы бойынша бағаланды.
Байқау нәтижелері:
•І орын: Дәулет Динара
•ІІ орын: Кваншбек Қарақат
•ІІІ орын: Мұқан Айзере
•Алғыс хатпен марапатталғандар: Кенжеғұл Ақылжан
Байқау жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өмірдің мәні туралы әртүрлі көзқарас танытып, терең философиялық ойлар айтты. Байқау олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өмірлік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтті.