«Өмірдің мәні» шығарма байқауы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Өмірдің мәні» шығарма байқауы
29
апрель
2025

«Өмірдің мәні» шығарма байқауы

Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған көктемгі сәуір айлығы барысында «Өмірдің мәні» тақырыбындағы 8-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірдің мәні туралы ой-толғамдарын еркін жеткізе білуге үйрету және көркем тілде жазу дағдыларын жетілдіру мақсатында шығарма байқауы ұйымдастырылды. Байқау ережесіне сәйкес, әр оқушы өз ой-толғауын еркін әрі сауатты түрде жазып, шығармашылық қабілетін көрсетті. Шығармалар мазмұны, тақырыпты ашуы, ой жүйелілігі, тіл байлығы және жазу сауаттылығы бойынша бағаланды.
Байқау нәтижелері:
• І орын: Дәулет Динара
• ІІ орын: Кваншбек Қарақат
• ІІІ орын: Мұқан Айзере
• Алғыс хатпен марапатталғандар: Кенжеғұл Ақылжан
Байқау жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өмірдің мәні туралы әртүрлі көзқарас танытып, терең философиялық ойлар айтты. Байқау олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өмірлік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтті.